Қарабура әулие мәдени орталығының сайты
Негізгі бет | Жаңалықтар | Қарабура тарихы | Қарабура әулие кесенесі | Қарабура жарғысы | Тама шежіресі | Форум| Суреттер | Біз туралы | Бізбен байланыс|

Қарабура әулие
Орта Азияда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткен Қара-бура әулие - Бурахан Атаның тарихымызда алар орны ерекше.
Қазақ даласында Қарахан мемлекетінің шаңырақ көтеріп, ірге бекітіп, нығаюына Қарабура белсенділікпен атсалысқан. Әсіресе, Сахарада ислам дінін уағыздап орнықтыруда Қожа Ахмет Ясауи мен Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Қожа Ахмет Ясауи дуние салғанда, өзінің өсиеті бойьшша оның мәйітін арулап жаназасын шығару рәсімі Қарабура әулиеге тапсырылған. Бұл Қарабуранын өз заманындағы орны мен беделіне айғақ.
Қазақ даласынан топырақ бұйырған Қорқыт Ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақбаб-Баба Ата, Әбжал баб-Хорасан Ата, Үккаша Ата әулиелер қатарында халық Қарабураны да Пір тұтынады. Бүгінде Созақ топырағътнда Қарабура әулиенің кесенесі мұсылман қауымының киелі қорымына (пантеон) айналған.

Қарабура әулиенің қыздары
Қасиетті әулиенің көп қырлы да, көп сырлы өмірінің бір қырын, яғни Қарабура әулиенің әзірге дейін бізге деректер мен аңыздар арқылы аты-жөні жетіп, белгілі болып отырған ұрпақтары - Әмбар Бибі мен Бегім Ана жайлы және олардың өмір жолдастары болған адамдар жайлы деректерімізді Қарабура әулиені пір тұтынған Мухлис (ықыласты) пірадарларына сауға ретінде ұсынбақпыз.

Әмбар Бибі
Тарихи деректер мен аңыз хабарларына қарағанда Әмбар Бибі Қарабура әулиенің кызы екен.
Әмбар бибі өте сұлу әрі ақылды, көріпкел әулие болғанға ұқсайды. Әмбар бибінің өмірі жайлы жазылған жеке деректер жоқ.
Сондықтан, Әмбар Бибі жайлы айтыл-жазу үшін оның түрмыста-өмірлік жолдасы болған адамдардың өмірімен байланысты түрде пікір жүргізген жөн сияқты.
Әмбар бибінің алғашқы өмір серігі - Хакім Ата Сүлеймен Бақырғани болады.

Сүлеймен Хакім Ата Бақырғани кім еді?
Хакім атаның шын аты Сүлеймен болыл, кейінгі аты түрік мұсылмандарының арасына Сүлеймен Бақырғани атымен кең танымал болады. «Хакім» ол кісінің лаһаб аты болған. «Рашахат айнул хаят» еңбегінің авторы Фахриддин Али ас Сафий бұл жайлы мынадай мәлімет береді: Сүлеймен Бақырғанидің тегі Хорезімдік болып, Қарабура әулиенің ажаиб сұлу қызы Әмбар бибіге үйленеді. Ол Қожа Ахмет Яссауидің ең сүйікті әрі талантты шәкірттерінің бірі болып, «Яссавия» ұйымының маңыз-мақсатын түрік халқының арасында өсиеттеуде көп еңбек сіңіреді. Атақты «Машайхтардың» бірі болады. Өзбек деректерінде Сүлеймен Бакырғанидың мінез-құлқын бейнелейтін мынадай қанатты сөздер бар: «Барча яхши - биз еман, барча бигдой биз сомон» (Барлығы жақсы - біз жаман, барлығы бидай біз сабан) десе, енді бір сөзінде: «Хар кимни курсанг Хизир бил, хар тун курсанг, кадр (лайлат-ул кадр мағынасында) бил»». (Әр кімді көрсең Қызыр деп біл, әр түнді көрсең Қадір Түні деп біл - деген екен.
Ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің «Девони хикметін» жарыққа шығаруда көп еңбектенгеннің бірі Сүлеймен Бақырғани болады. «Хакім ата кітабы», «Бақырғани кітабы» деген өлеңдер жинағының тілі керкем, карапайым әрі түсінікті болғандықтан Сүлеймен Бақырғанидың аты халық арасында кеңінен белгілі болады.
Өз кезегінде Хакім Ата Бакырғани да көптеген аты белгілі, дарынды шәкірттер тәрбиелеп жетілдіреді.
Хакім Атаның өзінің рухани пірі Қожа Ахмет Яссауимен өз ара қарым-қатынасы, жас кезінен-ақ оған шын берілген Мурид болғандығы жатады, онын «Бақырғани» атаған және «Хакім» деген лақабының қалай пайда болғандығы жайльт өзбек жазушылары Тұрғын Фазиев пен Ариф Усмановтың «Зәңгі ата» деген шығармасында өте қызықты руваяттар келтіреді. Осы руваяттар-да айтылғандай, Хакім Ата 15 жасында Қожа Ахмет Яссауиге Мурид болған екен. Ол осы кезде-ақ Құран Кәрімді жатқа біліп, мешітте үстазының алдында отырып, өте жағымды ауазбен Құран Шарифті оқиды екен. Күндердің бірінде Қожа Ахмет Яссауи алдына Хизр Иляс алаихиссалам келеді. Сүлеймен жауын жауып тұрғанына қарамай, даладан отын теріп келіп, «су» ағашты ұсталықпен тұтатып тағам дайындайды. Сүлейменнің ықыласына риза болған Хизр Иляс алайхиссалам мейірленіп кетіп: Ботам, енді бұдан былай сенің атың Хакім болсын. Енді Хакім ретінде хикматтар (шығармалар) жаз. Илахим, хикматтары бүтін дүниеге таралсын! Хизр алайхиссаламның сол дуасынан кейін Сүлеймен Хакім деп атала бастаған екен.
Қожа Ахмет Яссауи мен Хакім Атаға байланысты және бір ибратты руваят былай баяндалады: Құрбан айында Қожа Ахмет бір күні 99 атақты машайықтарымен бірге намаз оқиды. Намаздың орта тұсында имамдық етіп түрған Яссауи жақтан бір дыбыс шығып, арқада тұрғандар «Имамның дәреті бұзылды» деп біртіндеп тарай бастайды. Ең соңында Қожа Ахметтің жақын туысы Суфи Мухаммед Данышпан мен Хакім Ата қалады. Яссауи бүл екеуіне қолындағы ағашты көрсетіп сынау үшін әдейі мына ағаштан дыбыс шығарған едім. Басқалар тарап кетті, сен екеуің шын берілгендіктеріңді көрсеттіңдер, енді иншалла, тез күнде екеуің мақсаттарыңа жетесіңдер дейді. Ол Хакім Атаға қарап: «Ботам, ертең таңсәріде бір үлкен ақ түйе пайда болады, сен сол ақ түйеге мініп ол барған жерге дейін барасың», - дейді! Айтқанындай келесі күні таңертеңмен пайда болған түйеге мініп, сапарға шығады. Түйе тез жүріп Хорасанның түстігіндегі бір жерге келгенде, Хакім Атаның қанша әрекетіне қарамай, табандап бақырып тұрып қалады. Осы түйе бақырып тоқтаған жер күні бүгінге дейін «Бақырған» аталып, Хакім Атаға Бакырғани атағы қосылып аталатын болған екен.
Бұл жер Қарахан мемлекетінің патшасы Бограханға қарасты екен. Кең далада табындап жатқан жылқының бақташылары бұл жағдайды көріп, бір түйенін үдесінен шыға алмай жүрген неткен жансың? - деп Сүлеймен Хакім Атаны мазақ ете бастайды. Кейбіреулері оның түйесін алмакшы да болып бейбастық жасайды. Бақырғани өзінін Қожа Ахмет Яссауидің мүриді екенін және сол кісінің әмірімен жүргенін айтып жалынады. Бұл жағдайдан хабардар болған Бограхан (Қарабура әулие) өзі келіп жағдайды сұрап біледі. Шайх-уш-шайх (Шайхтардың шайығы) Қожа Ахмет Яссауидің муриді екенін білген соң Бограхан (Қарабура әулие) күліп: «Піріміз әдейі жіберген болса керек» - деп Хакім Атаны сарайға алып келіп оған қызы Әмбар бибіні некелеп қосады. Осы өлкенің үлкенді-кішілі адамдары Хакім Атаға мүрид болады. Осылайша Хакім атаның атағы елге кең тарап кетеді.
Бұл аңыз деректер болса тарихи деректе де осы айтылғанды былайша толықтыра түседі: «Қарахан мемлекетінің Бограханы Қарабура Хорезімді басып алғаннан кейін жергілікті халықпен жақсы қатынаста болу ниетімен Хорезімдіктердің сүйікті ақыны әрі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Хакім Атаға қызы Әмбар Бибіні ұзатады» делінген. («Ипак йули афсаналары» 41 бет, 1993 ж. Ташкент).
Хакім Ата мен Әмбар бибіден үш ұл дүниеге келеді. Үлкенінің аты Мухаммед Қожа, ортаншысы Асқар Қожа, кенжесі Хубби Қожа. Хакім Ата үлкен екі ұлы - Мүхаммед Қожа мен Асқар Хожаны өзінің отаны Хорезмдегі атақты ұлама Жарулладан дәріс алуға жөнелтеді. Кішкене ұлы Хубби Хожаны өзінің қасында Бақырған қыстағында алып қалады.
Хубби Хожа киік аулаумен шұғылданып, әкесін қатты құрметтеген, оны киік етімен силап, дәмді тағамдар дайындатқан. Хуб-би Қожа әкесінің тәрбиесінде болып, атақты машайхтар мен ойшылдар қатарынан орын алады. Хуббидің кереметтері жайлы ел арасында аңыздар кеңінен тараған. Соның бір руваятында былай дейді: Бір күні Хубби әкесінен «Сіз намаздың суннатын оқисыз да, неге екенін білмсймін, фарызын оқымайтын себебіңіз не?»-деп сұраған екен. Хакім Ата баласына мейірімділік танытып ұлым мен намаздың фарызын әр күні Меккеге барып оқимын депті. Ертесіне Хубби Қожа атам фарыз намазын оқу үшін ұзақ сапарға әуре болмасын деп Қағыбай Шарифті Бақырғанға алып келген екен дейді. Сүлеймен Хакім Ата Бақырғани, Зәңгі Ата, Әмбар бибі - үшеуінің өмір жолы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан - енді Зәңгі Ата жайлы тоқталайық.
Зәңгі Ата
Зәңгі Атаның туылған жылы әзірге белгісіз. Бірақ ол жайлы айтылған деректерге қарағанда оның XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген деп жорамал жасауға негіз бар. Зәңгі Ата түрік-ислам дүниесінде исламды уағыздаушы данышпан ойшылдың бірі болған. Зәңгі Ата (Айхожа) жас кезінде әкесі Ташхожадан тәлім-тәрбие алады. Әкесінің білімінен кейін Зәңгі Ата Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Хакім Ата Бақырғанидың тәрбиесінде болып, Яссауи ілімінің магрифатын, тарихатын, шариғатьш, ақихатын үйреніп Аллаға жақындасудың қиын да азапты жолдарынан өтеді.
Зәңгі Атаның түп нәсілі араб болғандықтан денесі қара, сүйегі ірі болған екен. Хакім Атадан терең білім алып данышпандық пен керемет көрсету дәрежесін меңгергеннен кейін ол отаны - Шаш ұлаятына келіп халықты ілімге, әдептілікке тәрбиелеуге кіріседі. Көптеген аты танымал ойшыл шәкірттер тәрбиелейді.
Зәңгі Атаның көрінісі карапайым, дәруіш секілді болып, адамдардың сиырын бағып, падашылық етіп, ғаріптік өмір кешіреді. Зәңгі Атаның күнделікті өмірі сахарада пада бағумен өткендіктен ол намазды да қырадырларда оқитын болған. Намаздан кейін зікір айтумен шұғылданады екен. Сол кезде сиырлар жайылуын тоқтатып тұратын болған,
Күндердің бір күні Зәңгі Ата сүйікті ұстазы Хакім Атаның дүииеден өткенін естіп, Ташкенттен Хорезмге барып ұстазының қабіріне зиярат еткеннен кейін Әмбар бибіге саушы жібереді. Әмбар бибі мен Хакім Ата некесінен кейін басқа некеде болуды қаламаймын деп жауап береді. Осы кезде Әмбар Ананың мойны қисайып қалады. Содан кейін Зәңгі Ата Хакім Атаның - менен де қара адаммен өмір қосасың деп кереметі арқылы білдірген сөзін, саушы арқылы Әмбар бибінің есіне салады. Хакім Атаның кереметін Зәңгі Атаның да білетіндіген сезген Әмбар бибі Атаға тұрмысқа шығуға келісім береді.
Әмбар бибінің мойны қалпына келеді. Деректерде Тараздағы Айша бибіде Әмбар бибінің қызы екен дейді.
Зәңгі Ата мен Әмбар бибінің некелесуі жайлы «Хакім Ата» кітабында көптеген руваяттар айтылған.
Күндердің бір күні Әмбар бибі ғұсыл қылып жатқан (шомылып) Хакім Атаға көзі түседі. Бограханның сондай келісті қызы бола тұрып осындай адамға тұрмысқа шығуымның себебі не екен дсген ой көңілінен өтеді. Оның бұл ойыы Хакім Ата кереметімен сезіп қояды. Хакім Ата әйеліне: әлі саспай тұр, жақында менен бетер қара өңді адамға тұрмысқа шығасың, - дейді. Айтқаны айнымай келгенін жоғарыда айтқан едік.
Әмбар бибінін Хакім Ата өлгеннен кейін Зәңгі Атаға тұрмысқа шықкандығы жайлы деректі патшалы Россия тарихшысы Абубакир Диваевта растайды: «Амбар биби - жена Сулеймена Хаким Ата вышедшего после его смерти замуж за его ученика Зенги Ата».
Өзбекше айрым басылымдарда Хикая етуге қарағанда Шаш ұлаятынан шыққан ұлы машайық Зеңгі Атаға жергілікті халық үлкен құрмет көрсетіп - Зенгі баба да деп атаған екен. Зәнгі Атаның көптеген муридтері, мухлистері (ықыластанушылары) және шәкірттері болған. Олардың ішінде төртеуі - Ұзын Хасан ата, Саийд ата, Садр ата (Садриддин) және Бадр ата (Бадриддин) атақты машайықтар дәрежесіне жетеді.
Осы төртеуінің Зеңгі Атаға қалай мүрид болғандары жайлы ел арасында көп аңыз тараған. Бұл төртеуі Бұхара медресесінде оқып жүріп бір күні, шариғат жолына түсіп Аллаға жақындасуды ниет етеді. Таң атқан соң төртеуі де үйлерін тастап дала кезіп Шаш уалияты бағытына аттанады. Олар Ташкенге жақындағанда бір кырдың үстінде жайылып жүрген сиыр падасын және паданы бағып жүрген еріндері қалың, кең кеуделі, жалаң аяқ, қара адамға ұшырасады. Ол қырдағы отынды жинастырып тікенді жалаң аяғымен жәншіп байлай бастайды.
Шәкірттер падашыға сәлем береді. Ол «әлікті» қабыл алып, оларға қарап, бұл жердің адамдарына ұқсамайсыздар, қайдан келесіздер және қайда бармақшысыздар-деп сұрайды.
Біздер Бұхара шарифтің шәкірттеріміз, білім алдық, енді өзімізге пір боларлық әулие іздеп келеміз - депті.
Бәрекелді, ондай болса сіздер аздап дем алыңдар, мен жан-жакқа назар салып, іздеп көрейін, әжеп емес, сіздерге пір боларлық адамды сезініп тапсам-дейді Зеңгі Ата.
Шәкірттер дем алмақшы болған сәтте, Зеңгі Ата бір орында тұрып, төрт бағытқа ұзақ-ұзақ телміріп қарап, ауаны да иіскелеп кояды. Көзін жұмып біраз отырғаннан кейін оның бұл әрекетіне таңырқап тұрған шәкірттерге - сіздерге пір боларлық өзімнен артық адамды таппадым-деген екен. Бұл сөзден кейін ұзын Хасан ата мен Садр ата Зеңгі Атаны өздеріне пір тұтынып мүрид болады. Бірақ Саийд мен Бадр ата көңілінде сенімсіздік болады. Соңғы екеуі кейін көп қиьшдықтарға ұшырап Зеңгі Атадан кешірім сұрайды. Бірақ Зеңгі Ата оларды қабылдамайды. Көп ізденумен және Әмбар бибінін шарапатымен кеиін ол екеуі де Зәңгі Атаға мүрид болады. Кейін бұл төртеуі де атақты машайықтар болады.
«Саийд Ата 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүріп, Дешті Қыпшақ түркілерін және Волга бойы мен Орал тауының түстігіндегі татар және башқұрлар арасьшда ис-лам дінін таратуда үлкен іс қылады. Алтын орданың ханы Өзбекті ислам дініне уағыздап оған пір болады. Оның қабірі Хорезм уали-ятының Бақырған қыстағында» (Девин Девис Атайына ордер
(Отоия тарихы) энциклопедия хроника.11. (8.1997.904 б.) Индиа-на Вашингтои АҚШ).
Зеңгі Атаның атақты төрт шәкірттері Саийд Ата, Бадр Ата, Садр Ата, Үзын Хасаи Ата жайлы соңғы кезде терең зерттеле бастады. Осы ғылыми зерттеулер деректеріне қарағанда Зәңгі Ата шәкірттерінің көшпенділер арасында үлкен абыройға ие болғандығы жайлы тың пікірлер айтылуда. Көп жылдар бойы Яссауийа тарихатының түркі халықтарының тарихи тағдырына ықпалы жайлы зерттеп жүрген ғалым Зікірия Жандарбеков қызықты деректер айтады: Алтын Орда билеушілерінің исламды Озбек ханнан бұрын да қабылдағаны белгілі. Батудан бұрын таққа отырған оның ұлы Берке Бұхарада Нажмаддин Кубра тарихатының шайхы ал-Бахарзиге барып, исламды қабылдайды. Бірақ ол кубравийа тарихаты Алтын Орда мемлекетінде кең таралып кете алмайды. Себебі, Алтын Орда мемлекетінің халықтары негізінен кошпелі түркілер мен түркіленген монгол тайпалары еді. Сол себепті, парсы тілдес ортада дүниеге келген бұл тарихат ілімі Алтын Орда мемлекеті ішінде қолдау таппады. Ал, түркі халықтарының рухани сұранысына лайықталған Яссауийа тарихаты аз уакыт ішінде Алтын Орда мемлекетінің мемлекеттік идеологиясына айналды. Яссауийа шайхтары Алтын Орда мемлекетінде ірі қызметтерге ие болды. Жоғарыда аты аталған төрт шайықтын бірі - Бадр Ата - Бадр ад-дил Мухаммад Өзбек ханның бас хадийлығына (қазылығына) тағайындалып, Мысырмен болған мемлекеттік келіссөздерді басқарады (Федоров - Давыдов 1973 С. 100).
Садр Ата - Баба Түкластың немересі Едіге бидің Алтын Орда мемлекетіндегі әрекеттері тарихта белгілі» - дейді (Түркістан қыс-қаша тарихы. 2000 ж. 26 бет).
Зәңгі Ата 1258 жылы өмірден өтеді. Ташкентге жақын жердегі Зеңгі Ата қыстағына жерленеді. Әмбар бибінің кабірі де осы жерде. Бұл орын тек Ташкент уалияты емес бүтін мауараннахр және Хорасандағы, Тұран өлкесінің түркі халқының қасиетті мекені болып саналады.
Түркменнің атақты ақыны Мақтімқұли Зәңгі Атаны ясавия тариқатының касиетті өкілінің бірі деп танып, оның атын Қожа Ахмед Накшбанд және оның ұстазы Саийд Әмір Қүлалмен қатар атайды:
Дағыстанның бауырында, 
Керемет дүниені көрсем.
Бахаваддин Миркулал,
Зәңгі бабаны көрсем.
Қызырдайын шөлдерде,
Гауыстайын көлдерде,
Илясдайын тауларда,
Жақсы-жаманды корсем, -дейді.
Руваяттарда айтылғандарға қарағанда Зеңгі Ата кесенесін Әмір Темір салдырып, оған құлпытасты 1420 жылы Мырза Ұлықбек орнатады. Құлпытаста: «Әр кім өз үйінде дәрет алып, менің үйімде зиярат қылса, ол адамды құрметтеп кастерлеуге ылайықты» деген жазу жазылады.
Әмір Темірдің Зеңгі Атаға кесене тұрғызғандығы жайлы көптеген руваяттар тарқалған. Соның бірінде: Амір Темір кезекті жорыққа бара жатып Зеңгі Ата қабірінс зиарат етеді. Қайтар сапарында кесене салу көңілінен өтеді. Құрылыс басталып та кетеді. Самарханд құмдарынан кірпішті, әскерлер қатар тұрып қолма-қол Зіңгі Ата қыстағына жеткізеді. Тез бір кез биіктікте дуал көтеріледі. Кешке кұрылысшылар, ұсталар, іс басқарушылар шаршап ұйқыға кетеді. Барлығы таңертең құрылыс басына келіп ойраны шыққаи құрылысты көріп аң-таң болады. Тас басқарушылар бұл окиғаны Әмір Темірғе жеткізуге қорқып, оны тез қалпына келтіруге кіріседі. Дуал қалпына келтіріледі. Бірақ ертесіне осы оқиға қайталанады. Енді Әмір Темірге хабарлауға мәжбүр болады.-Оқиғаны естіген соң Әмір Темір түнде сақшы қойып, бұзылу себебін анықтауды тапсырады. Дуал кайтадан тіктелгеннен кейін түнді бақылайтын сақшылар қояды. Түнімен ешқандай әрекет болмайды. Тек таңға жақын үлкен айбатты қара өгіз келіп, құрылысты талқандап болған соң көзден ғайып болады. Бұл жағдайды өз көзімен көрмек болып Зеңгі Ата қыстағына Әмір Темір өзі келеді, түнде күзетке тұрады. Таңға жақын үйықтап кетіп, түс көреді. Түсінде: «Ботам, маған кесене салудан бұрын менің қасиетті пірім Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи басына кесене тұрғыз», - дейді. Енді бір руваятта Әмір Темір Түркістанға келіп Қожа Ахмет Яссауи басына кесене тұрғызуға кіріседі. Кесене тез салына бастайды. Бірақ құрылысшылар таң ертең түрып талқандалған құрылысты көреді. Күзетке қойған адамдар түн жарымында түсі айбатты көк өгіздін, келіп қаланған дуалдарды мүйізімен сүзіп құлатқанын көреді.
Қандай сыр болғанын ойлаған Әмір Темір түс көреді.
Түсінде ақ шапан киғен, басына ақ сәлде ораған, ақ сақалды адам келіп: «Ой, Әмір кесенені алдымен Зсңгі Атаға түрғыз, кейін Қожа Ахмет Ясауиге құрарсың. Сонда ғана ол бұзылмайды. Себебі, Зеәңгі Атаның жас бөбек шағында оны көтеріп алып келіп, Қожа Ахмет Ясауиге көрсетіп одан сүйінші сұраған екені. Сонда ол сүйіншіге менен алдын осы бөбекке кесенс салыпып, аты жұртқа танымалы қасиетті адам болсын деп дуасын бергсн» дейді. Осыдан кейін Әмір Темір Зеңгі Атаға кесене тұрғызған екен. Кейін Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауи басына зәулім де, көрксм кесене салды.
Енді Әмбар бибі мен Зеңгі Атаның қасиетті көріпкел әулие болғандығын бейнелейтін халық арасында кең таралған аңыз-әңгімеге токталайық: Менің сіздің әулиелік ісіңізге қатысым барма, ортақ, үлесім барма, сауапқа серікпін бе? - деп сұрапты, Әмбар бибі күндердің бір күні Зәңгі Атадан.
Зеңгі Ата оған қарап: Сен сауапқа серік бола алмайсың. Өзім тақуамын, сондай таза ісіммен әулиелік дәрежеге жеттім депті. Әмбар бибі ері Зеңгіні ерекше ықыласымен күтіп, ас-ауқатын таза дайындап, қызмет етеді екен. Ол ас дайындағанда ыдыстарды тоғыз мәрте жуып, шаятын көрінеді. Бірде Әмбар бибі түс кезінде ас дайындап жатып, ауқаттың ішінде әлде не қараң етіп қалғанын көзі шалып, байқап қалады. «Бір ноқатта қара дақ бар екен ау» -деп қанша аудастырып іздесе де таба алмапты. «Осы жерде жүр ме екен» деп, шамалап, астан бірекі шөмішін алып, төгіп тастайды. Пада бағып, ашығып, ыстық күннің астында қап-қара боп өзін күткен ерінің жай-күйін ойлап, ауқатты асыға Зәңгіге алып барады. Баба оны лезде ішіп қояды. Арада біраз уақыт өтеді. «Әлгі қараң еткен нәрсе ас ішінен алынды ма, жоқ па?» - деген күмән Әмбар бибінің көңілінен кетпейді. Ол соны байқау ниетімен, иіріле жатқан сиырдың шеткі біреуін нұсқай қолымен көрсетіп: «Анау қандай бүзау туады?» - деп сұрайды.
Сол кезде Зеңгі Баба: «Түсі қызыл, маңдайы қасқа бұзау» деп жауап береді.
Сонда жұбайы сәл езу тартып жымиып:
- Құйрығының ұшы ақ, қызыл бұзау, - депті.
Уақыты жетіп, әлгі сиыр қүйрығының ұшы ақ, түсі қызыл бұзау туады.
Әмбар бибінің айтқаны тура шыққан соң Зеңгі Баба одан: -Мен қалайша жаңылдым деп сұрапты. Сіздің жаңылғаныңыз, сол күні ауқаттың ішінде бір ноқатта қара дақ кетіп, қанша іздесем де таба алмаған едім. Сол көзіңізге перде болып тұтылып, іштегі бұзаудың қүйрығы қайрылып, аяғының арасынан өтіп, мандайына тиіп жатқанын байқай алмадыңыз, - дейді зайыбы.
Сол уақытта Зәңгі Баба: Менің әулиелік қасиетім сенің жасаған қылаусыз таза қызметіңмен байланысты болды. Егер сен тазалығыңнан сәл ғана мүлт кетсең, мен ол қасиеттен айрылып, жарым-жартылап толық күйде бола алмайды екенмін, - деп мой-ындаған екен.
Жоғарыда кесенесі Тараз шаһарында орналасқан Айша бибі Әмбар бибінің кызы яғни Қарабура әулиенің немересі екен деген пікірді ескерткен едік.
Енді осы тақырыпқа тереңірек тоқталайық. Айша бибі жайлы деректер көп жағдайда бізге аңыз түрінде жеткен. Сол аңыздың айтуынша Айша бибі жорықта жүрген Қарахан елінің ханзадасы-мен көңіл қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады.
Тарихи деректерде осы кезде қидандардың (қарақытайдың наймандар мен хорезміктердің Қарахан еліне жаулық жорықтарының кезеңі болатын. Осы қиынадықтар салдарынан болса керек Ханзада уағдалы уақытында келе алмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болады. Қызының бұл шешімінщ орны толмас қайғыға ұшырауы мүмкін екендігін сезген, көре білген қасиетті әулие Зәңгі ата Айша бибінің бұл сапарға бармауын өтінеді. Бірақ сүйікті қызының атасынан ризашылығын беруді сұраған көз жасына, оның үстіне сүйікті зайыбы Әнбар бибінің де жаны сезгенімен қызына батасын беруді өтінген тілегіне де қарсылық жасаудың ретін таба алмаған еді. Айша бибінің қасына оны жасынан тәрбиелеп өсірген Баба әжі-қатынды косып беріп, астыларына арғымақ ат мінгізіп, бір түйеге қажетті ас-ауқатын артып көздерінен жасы төгіліп еңіреген ата-анасының әйелдер пірі Бибі Фатима өзін қолдай жүр - деп оң сапар тілеуге зорға шамасы келеді.
Бірнеше күн жол жүріп, Тараз өңіріне келеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дамылдауға аялдайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі.
Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады.
Сүйіктісінің аулының төбесін көріп көңілі жайланған. енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
Денесіне у жайылып, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдаларын алып жеткенде ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол кызды қолына алып, жаны үзіліп бара жаткан Айшаның құлағына Айша, сен енді бибі болдың! -деп үш рет айқайлапты. Ел билігін өз қолына алған Қарахан қайғырып, қан жұтып, сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.
Жастайынан тәрбиелеп өсірген Айшаны соңғы сапарға аттандырған Баба әжі-катын өле өлгенше қыз бейітінің жаныыда шырақшы болып өтеді. Кейін ол да дүниеден қайтқанда Қарахан адал тәрбиешінің басына да күмбез орнатады.
Енді Айша бибі ғашық болған билеушілершің атымен Қарахан мемлекеті деп аталған Қарахандар жайлы қысқаша тоқталайық. Қарахандардың шыққан тегі жайлы екі ұдай пікір айтылады. Алғашқы пікір айтушылар Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы хазрет Әли Халифаның Әнафия атты әйелінен туған ұлы Мүхаммед-Әнафиядан таратады. Олар өздерін Қарахан қожаларымыз дейді. Қарахан қожалар Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады.
Ал белгілі тарихшы В.В.Бартольт Қарахан мемлекетінің негізін салушы әулет негізінен түрік тектес Қарлұктар құрамына жататын яғма тайпасына жатады деген пікірін жоғарыда айтқанбыз.
Түркістандық зерттеуші Зікірия Жандарбеков Әбдіжәлил баптық тегі түркі екен деген дерекке кезіккен. Ал профессор Жанкара Дәдебаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметов те осы пікірді қолдайды екен. Ал Айша бибінің сүйіктісі болған әулие Қарахан кім?
Академик В.В. Бартольд 1212 жылдары Тараз шаһарының билеушісі Қарахан Мұхаммед (Шахмахмуд) болған еді дейді.
Қазақстанның сәулетші зерттеушілері В.Қадырбаев пен Н.Бәсеновтың мәліметтеріне қарағанда, Күмбездін мандайшасында мазарды тұрғызған Мұхаммед деген сөздер бертінге дейін сақталған екен дегенді айтады.
Аңыз деректерінде осы Қарахан Мұхаммед кейінірек алтын тағын тастап сопылық жолға түсіп, жер астынан қылует үй қазып алып өле-өлгенше Аллаға жалбарынып өткенін, сондықтан да Әулиеата атанғанын айтады.
Әулиеата өлер алдында балаларын жинап алып: Мен көз жұмған соң басыма Айша бибінің Күмбезі көрініп түратын жерге мазар орнатыңдар... деп өсиет етеді.
Тараз қаласының байырғы тұрғындарынътң айтуына қарағанда күрделі кұрылыстар салынғанға дейін Тараздан Айша бибі сағанасы көрініп тұрады екен.
Осы қысқа хикаямыздың «Яссавия» тарихатының XIII ғасырда жасаған көрнекті ойшыл шайхы, Мауараннахр мем Хорасан халқының құдіретті пірі саналған хазрет Зәңгі  Баба Химматий және оның пірі Хакім Ата Сулеймен Бақырғани және де «Яссавия» тарихатының негізін қалаушы, Шайх-уш-шуйух (шайхтардың шейхі) Қожа Ахмет Ясауи жөнінде айтылған ибратты руаяттар мен Зәңгі Атаның кейбір шәкірттері жайлы қасиетті Аиа Әмбар бибі жайлы тоқталып өттік. Өзбек ғалымдарының пікірінше Қарабура әулие, Зәңгі Ата «Яссавия» ілімінің негізін салушы әрі оны дамытушы ойшылдардың бірі болғандарымен, олардың өздері жазып қалдырған шығармалары жоқ. Себебі, «Яссавия» насихаты оның негізін салдырушыларға ортақ ілім болып табылады. Ол ілімді өз кезегінде оның шәкірттері жалғастырып, дамытып отырған. Арыстан Бап, Қожа Ахмет Ясауи, Хакім Ата Сүлеймен Бақырғани, Зеңгі Ата жайлы айтқан осы пікірлерімізді ой елегінен өткізер болсақ, Қарабура әулиені қоршаған орта оның сырлас, пікірлес адамдары касиетті әулиелер, сопылық (Яссавия) ілімінің негізін қалаушы ғұламалар болғанын көруге болады. Осы ортаның құрметті адамы болған Қарабураны (Бограханды) қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері деуге әбден болады.

Бегім ана
Бегім Ана жайлы айту үшін, ол өмір сүрген дәуірде қандай мемлекет болғандығы жайлы, ол мемлекеттің орналасқан орнына қысқаша мәлімет бере кеткенді жөн көрдік.
Мауреннахр үшін болған күреске бастапқыда саманилерді қолдаған оғыз тайпалары да (салжуктар) араласты. Салжук тайпаларының отаны Сырдарияның орта ағысы өңірі болатын. Осында Сығанақ ауданы мен Қаратаудың баурайын мекендеген оғыздардан тұратын олардың негізгі тобы қалыптасады. Салжук топтарының көсемдері мен оғыз жабғыларының арасындағы жайылымдык жерлер үшін болған қақтығыс X ғасырдың орта шенінде салжуктарды Сырдарияның орта бойынан кетуге мәжбүр етті. Салжук тайпаларының бір бөлігі 80-ші жылдардың аяғында Жентті алды да, Сырдарияның төменгі бойына қоныстанды, енді бір бөлігі Самарханд пен Бұхара маңындағы қырда қоныс тепті.
Бүл тарихи деректен Салжук мемлекетінің өмір сүрген дәуірі мен олардың мемлекетінің орнын анықтап алуымызға болады. Бір сөзбен айтқанда, Салжук мемлекетінің Сыр бойымен Қаратаудың қойнауында болғандығын байқаймыз. Салжук мемлекеті жайлы тәптіштеп айтуымыздың үлкен мағынасы бар. Олай деуіміздің басты себебі, осы кезде Салжук мемлекетін Мәлік шахтың баласы Санжар сұлтан басқарады. Атадан балаға айтылып келген ақиқатқа жақын аңызға карағанда, Салжук ханы Санжардың әйелі Қарабура әулиенің қызы Бегім ана болады. Енді Бегім ана жайлы аңызға тоқталайық. XI ғасырдың тұсында Мәлік шахтың патшалық құрған кезінде Салжуктар елі әбден кемеліне келген еді. Мәлік шах өлген соң, таққа оның баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Хорасаннан көшіріп, Сыр бойына-Жанкентке орналастырады да, бұл шахарды мықты бекініске айналдырады. Ол аң аулап, сейіл құрғанды жақсы көреді екен. Сөйтіп жүріп Созақтың ма-ңайында өмір сүрген Қарабураның қызы Бегімге үйленеді.
Бегім жаратылысынан көркіне ақылы сай, парасаты мол қыз болыпты. Санжарды да табындырған осындай сан қырлы қасиеттері болса керек.
Үйленгеннен кейін Санжар бұрынғы әдетімен саятшы нөкерлерін ертіп, Қаратауға аңға шығады. Дарияға келіп, ыспа қайықтан өтерде қанжарын үйге қалдырғанын есіне түсіріп, құлын үйіне жұмсайды. Құл Хан ордасына келіп: «Ханым, ханның қанжарын тез алып берсеңіз. Кідіруге мұрсат жоқ», - дейді ол үй сыртынан. Ханым жабықтан қанжарды ұсьнғанда, оның мүсіндей аппак білегін көріп, құл сол жерде талып қалады. Бегім мұны білмейді. Біраздан соң есін жинаған құл атына міне сап, дарияға кайта шабады. Келсе, хан қаһарына мініп, шаншылып түр екен.
Тақсыр, қасық қанымды қия көріңіз. Менің кешіккен себебім ханымға қатысты еді, қанжарды жабықтан беріп тұрып, оны алайын деп қолымды ұсына бергенімде, ханым білегімнен ұстап жібермеді. Содан қолымды босата алмай кешіктім, - деп өтірікті судай ағызады. Құдайдан безген жексұрын жанның бұл сөзіне имандай сенген Санжар хан сапарын тоқтатып, кейін қайтады. Істің ақ-қарасын тексермей, кінәсіз Бегім сұлудьң, оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де, зынданға тастайды. Оң қолын кескені арамдықты оң қолымен істеді деген ойы болса керек, істің мәнісіне түсінбей, әрі жазықсыз зәбір көріп зарлаған ару көрер таңды көзімен атқызады. Мұны сарайдағылар түгел білсе де, ханымға араша түсе алмайды. Келесі күні түнде Қарабура әулие қызының түсіне кіріп, Балам, бұлтартпай шыныңды айтшы, ақпысың әлде қарамысың? Ақ болсаң аллам жәрдем беріп жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт, - депті.
Сонда Бегім жылап тұрып әкесіне: «Атажан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін. Егер Санжарға қиянат жасасам, тәңірі атсын өмірімді кысқартсын. Ақпын, ата!» - деп зар еңірсйді.
Осыдан соң Қарабура Санжардың да түсіне енеді. «Сен де бір балам едің. Егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе келесі күні сол қолы, сол бұрымы кесілген, сол танауы тілінген күйде мүгедек болып калсын! Егер керісінше болса қызымның ақ пен қарасын тексермей, жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған шахарыңды тірі адам калдырмай жылан жұтсын!» - деп қарғап батасын береді. Келесі күні таң атқан соң хан зынданға адам жібереді.
Тез барып керіп кел. Ханым не күйде жатыр екен? - деп тапсырады. Жіберген адамы барса, Бегім баяғы сау қалпында отыр екен дейді. Әлгі адам көргенін ханға келіп айтады. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда іңір уақытысында аспаннан бір мес шахардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші тола жылан екен. Жылан сыртқа тірі жанды шығармай, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шахары Санжар сияқты қатыгез қанның кесірінен қас пен көздің арасында опат болады. Бұл жағдайды аңыз деп қабылдасақ та шындыққа келіңкірейді. Жылан ордасы кешегі күнге дейін Жанкенттің бұзылған іргесінде бытысып жатқан.
Ал Бегім сұлу болса, шахар опат болып, халқы түгел қырылған соң өз әкесі Қарабура әулиенің көмегімен Бегім Ана белгісін салдырып: «Мұнан былай еркекті көрмеймін» - деп, қалған жұмбақ ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім Ана әулие атанады.
Асыл ана жәрдем сұрап барған жандарға бала беретін, мейір-шапағатына бөлейтін, нағыз керемет әулие ретінде есімі жалпақ жұртқа мәлім болған.
Сыр бойындағы Жанкент шаһары мен Бегім ана туралы ғажайып аңыз осылай аяқталады. XIII ғасырда салынған Бегім Ана кесенесі қазір Қазалы ауданының жерінде тұр.
Санжар хан мен Бегім ана жайлы әңгімеден Қарабура әулие өмірінің Майқы би және Алаша хан өмір сүрген кезеңмен тұстас келетіндігін байқауға болатын сияқты. Ол үшін Санжар хан жайлы тарихи деректер мен Машхур Жүсіп Көпейұлының «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би деген болыпты», «Алаша ханның ертегісі» - деген әңгімелеріндегі оқиғалары мен басты кейіп-керлерін салыстырмалы түрде қарасақ жеткілікті.
Тарихи деректе: «Санжар Самархандты Сүлеймен ибн Дауыттың баласы Ибрахим Тамгаштың шөбересі Мұхамедке береді. Санжармен туысқандық байланысы болған Мұхаммед «Арсланхан» атағын қабылдап, 30 жыл бойы Самарханд пен Бұхараны билеп тұрады.
Арыстан хан бірде Самархандта, бірде Бұхарада тұрып билік құрған. Оның аты тарих бетінде «Құрылысшы шах» ретінде енеді. Өйткені ол Бұхарада көп құрылыстар салдырған. Мәселен, Арс-ланхан салдырған атақты Кәлен мұнарасы қазіргі кезде де Бұхараның көркіне көрік қосып тұр.
Енді Машхур Жүсіп Көбейұлының «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би деген болыпты» деген аңызында тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі екен деседі. Сол заманда қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан хан Бұхарада тұрып хандық еткен екен. Арыстан хан салдырған мұнарада жұма оқитын күні азан оқитын 15 адам бар екен деседі. Бәйбішесінен бала болмай, қызылаяқ деген бір елді шауып, ат көтіне салып келген бір қызға хан бір аяқ салып, одан бір бала тауып, өзі сауысқанның аласындай ала туып, бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туғандыктан, іштарлық қылып күндеп; «Бұл баланды балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарасын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып, ала тайдай бүлдіреді», - деген соң, хан қырық жігітке: «Мына баланы тапқан шешесін Сырдариядан әрі өткізіп, қоя беріңдер! Өлсе, өлсін. Өлмесе, өз бетімен қаңғып күн көрсін» - деп бұйырыпты. Бала мен ана Сыр суынан өтіп, Алатау, Қаратаудың алабына келіп, жан сақтап күн көріпті, - делінген. Осы ала туған бала қазақтың атақты Алаша ханы болған екен. 
Мәшхур Жүсіп Көбейұлының аңыз әңгімесіндегі кейіпкерлерін ақиқат тарихта болған тұлғалар екендігіне көз жеткіземіз. Екіншіден, Қарабура әулие, Санжар хан, Қызыл Арыстан хан, Майқы би, Алаша хан бір өңірде, яғни Сырдария жағалауы мен Қаратаудың күнгей, теріскей беткейінде өмір сүріп, бір тарихи дәуірде жасағаны байқалады.
Сонымен бірге бұл тұлғалар бірін-бірі біліп, өзара қарым-қатынаста болған. Олай деуімізге толық негіз бар. Себебі Санжар хан Қарабураға күйеу бала болса, өз кезегінде Санжар хан мен Қызыл Арыстан туыс болып келеді. Қызыл Арыстанның шын аты Мұхаммед болып, оның Санжар хан көмегімен ұзақ жылдар бойы Самарханд пен Бұхараның билеушісі болып, Арыстан хан атанғаны тарих деректерінен белгілі. Ал Алаша хан Қызыл Арыстан ханның баласы болса, Майқы би - Алаша ханды тәрбиелеп, оны хандық дәрежеге жеткізген кемеңгер ақылгөй! Қазақ дүниесі осы кезде Майқы би сияқты кемеңгерлердің басшылығымен жүзге, руға бөлініп, ел болуға талпыныс жасап жатқан болатын. Мақсаты елді руға, жүзге бөлу арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымын реттеу, бірі ел басқарып, бірінің мал бағып, бірінің ел қорғаны болып, мықты ел болсын дегені еді.

Сүлеймен Тәбірізұлы

НАШИ САЙТЫ:


М. Дуамбековтың
жеке сайты

Сайт ток-шоу
"Правильный выбор"

Народный комитет
антикоррупция

Экологическая
партия "Жерұйық"

Международная
академия экологии